Зеленский: Біз жалғыз қалдық, Еуропа Украинаға өте баяу көмектесіп жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа Украинаға өте баяу көмектесіп жатқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Украина басшысының айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығыс жай ғана "басқыншылық" емес, Еуропа құрлығындағы соғыстың басталуын білдіреді.
“Осылай көмек көрсететін болсаңыздар, өздеріңізді қалай қолдамақсыздар”, – дейді ол.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің қазір жалғыз, қолдаушысыз қалғанын және әлемдік державалар оқиғалардың дамуын алыстан бақылап отырғанын айтты. Украина басшысының айтуынша, Батыстың бір күн бұрын енгізген санкциялары жеткіліксіз.
Оған қоса Зеленский Путинге келіссөз жүргізу туралы ұсыныс айтты.
"Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы да өтініш білдіргім келеді. Бүкіл Украинада ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық", – деді ол.
21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасстағы қантөгіске байланысты ДХР мен ЛХР егемендігін мойындады.
23 ақпанда ДХР мен ЛХР басшылары Ресей Федерациясының президентіне Украинадан агрессияны тойтаруға көмек көрсетуді сұрап жүгінгені белгілі болды.
24 ақпанда Путин ресейліктерге жолдауында Ресей Федерациясы Донбасс аумағында арнайы әскери операция жүргізетінін мәлімдеді.