Зайытовтың әйелі ақынның отбасында қандай қатал екенін айтып жұртты шошытты
Келіншегі Ринат Зайытовтың ұл-қыздарына қандай шектеулер қоятынын айтып берді. Айтыскер балаларына ғана емес, әйеліне де белгілі бір шектеулер қояды екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Ринат Зайытовтың келіншегі жолдасының бала тәрбиесіне келгенде қаншалықты қатал екенін айтып берді. Айтуынша, айтыскер ақын ұл-қыздарына интернет желісіне кіруге тыйым салады екен.
«Балаларымызға интернет желісіне кіруге, телефонды жиі қолдануға шектеу қоямыз. Жолдасымның өзі ешбір әлеуметтік желіге тіркелмеген. Whats App желісінің өзін жұмыс барысымен ғана қолданады. Үнемі «Интернетке кіргенше, кітап оқып, жүзбе-жүз көбірек сөйлесіңдер» деп айтып отырады. Ринат менің де интернет желісінде көп отыруыма қарсы. Оның үстіне, өзім де аса көп қызықпаймын. Тіпті, теледидар қарайтын уақытым жоқ. Арасында Instagram желісінде ғана отырамын», – дейді Зүлфия Тұрсынқызы.
Айтыскердің келіншегі балаларының қызығушылықтары туралы да айтып берді. Мүмкіндігінше ұл-қыздарын жан-жақты етіп тәрбиелеуге тырысады екен.
«Балаларымыз кішкене күндерінен спортпен, гимнастикамен айналысса да, сабақты бірінші орынға қоюға тырысамыз. Өзіме тартқан тұңғышым Айша спортқа бейім. Бассейнге барғанды жақсы көреді. Ал Ақжүніс өте жан-жақты. Барлығын үйренгісі келіп тұрады. Осы күнге дейін қыздарым үйдегі караокемен ән салатын. Биыл әкеміз рұқсат беріп, вокалға барып жүр», – дейді Зүлфия ханым.
Жіберіп алмаңыз:
Нұрлан Албан 6 тұрақты жұмысы бар екенін айтып қалды
Кентал салық төлегісі келмейтінін айтып ашуланды
Әнел Әрінова бұрынғы күйеуінен ұлы үшін “қайыр” сұрағысы келмейтінін айтты
Астанада Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ninety one тобы тегін концертте өнер көрсетеді