Зардап шеккендер бар: Қостанай облысында шағын автобус тракторға соғылды
Қостанай облысында шағын автобус тракторға соғылды деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 19 шілде күні сағат 3-те "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған. Қостанайға бағыт алған 65 жастағы Mercedes автокөлігінің жүргізушісі "МТЗ-80" тракторына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша Алтынсарин аудандық полиция бқлімінде тексеру амалдары жүргізілуде. Жол апатынан жарақат алған 9 жолаушы аудандық ауруханаға жіберілді», – дейді полиция бөлімшесінен.