"Заңгер айналысып жатыр": Ерлан Көкеев өзіне тағылған айыпқа жауап берді
Танымал әнші, музыкант Ерлан Көкеев мас күйінде көлік жүргізіп, Түркияның Аланья қаласында адам қағып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаға қатысты әншінің өзі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл жазда әнші отбасымен Аланья қаласында демалған.
"Заң аясында ғана жауап беруге тиіс болғандықтан, әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Онымен айналысып жатқан заңгер бар. Ешқайда жасырынбадым, қашып кетпедім. Әлеуметтік желіні жүргізіп отырмын. Сондықтан бұл іске қатысты қандай да бір шешім шықса, халыққа бірден жариялауға тырысамын", – деді әнші.
Өзінің айтуынша, осы іске қатысты баспасөз конференциясы ұйымдастырылып жатқан көрінеді.
Еске салайық, журналист Гүлмира Әбіқай жеке парақшасында Түркия тұрғынының әншіге іздеу салып жатқанынын жазған болатынбыз.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен