"Зәкең болғасын арналар қабылдамады": Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы жарыққа шықпай қалған фильмді бөлісті
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы өзіне арналған фильмді көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/makpal_zhunusova_fan
Өнер иесі ауылына барып, балалық шағының өткен жерімен таныстырды.
“Ты моя мелодия" деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда”, – деп жазды әнші.
-
"Дұшпандарыма мереке сыйладым": Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
-
"9-сынып оқушысы едім": Мақпал Жүнісова "Гүлдер" ансамбліне қабылданған сәтін есіне алды
Сондай-ақ өнер иесі отандық арналардың әлі күнге дейін алалайтынын жасырмады.
“Ұлттық арна ғана жаңа жалдық түсірілімге шақырды. Екі ән айттым. Екіншісі Әлішер Кәрімовпен дуэт орындадық. Басқа арналар шақыра қойған жоқ. Етіміз үйреніп кеткен. Ешқандай ренішіміз жоқ. Жастар өсе берсін”, – деп жазды халық әртісі.
Еске салайық, "10 жас үлкен деп менсінбедім" деп Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағаливпен алғаш танысқан сәтін есіне алған еді.