"Ұят": Қысқа көйлек киген Айгүл Иманбаева желіні шулатты
45 жастағы Айгүл Иманбаева қысқа етекті көйлек киіп, желіні шулатты. Актриса жаңа фототүсірілімнен сурет жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір топ әріптестері мен оқырмандары Айгүлдің 18-дегі қыздай көрінетінін айтып, тамсанды.
"Уау", "Мәссаған", "Әдемі", "От болып тұрсыз ғой", "Фигураңыз ұрып тұр. 45 емес, 25 жаста сияқтысыз", - деп тамсанды оқырмандар.
Өзге оқырмандар актрисаны "есті жасқа келгенде есірді" деп айыптады.
"Мына суретіңіз тым ұяттау көрінеді екен, жасыңызға сай емес, Айгүл ханым", "Иманбаева емес, Иванбаева болыпсыз", "Мұндай жасқа келіп ұят емес пе?", "Өте әдемі жарасады екен, бірақ деген нәрсе бар ғой. Тым жеңілтек әйелге ұқсап қалыпсың. Саған болмайды, қырыққа келдің. 25-35 жаста болсаң, "жас қой, кие берсін" дер едік", – деді желі қолданушылары.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде