Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұрып-соғып, буындырды": Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды зорлап тастаған

Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды зорлап тастаған. Мұнымен қоймай, ол қызды аяусыз ұрып-соғып, буындырған. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сурет: Facebook/Дина Таңсәрі

Қоғамдық қор жетекшісінің сөзінше, оқиға 27 тамызда орын алған. Сол күні жас қыз құрбыларымен бірге дәмханада туған күнін атап өткен. Сауық кешінен кейін оны дәмхананың маңындағы таксиге отырғызып жібереді. Алайда такси жүргізушісі қызды адам жоқ жерге алып барып, аяусыз ұрып-соғып, буындырып, зорлап тастапты. 

«Іс баяу жүріп жатыр. Қаншама күн өтті, ал такси жүргізушісі әлі табылған жоқ. Оқиға қаланың орталық көшелерінде орын алған. Қаншама камера бар. Куәгерлерден жауап алмаған. Тергеушілер бірнеше рет өзгерді», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Шымкент полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасындағылар аталған деректі ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағына (Зорлау) сәйкес тіркеген. Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысты күдіктінің тұлғасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетсек, бұған дейін Шымкентте тағы бір зорлық оқиғасы орын алған еді. Аурухана дәрігері жұмыс орнында мейірбикені зорлап тастаған

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды

Бокстан әлем чемпионатынан тағы да шеттетілді: Левит экваторлық спортшыдан жеңілді

Бұл әлем чемпионаты - Левиттің мансабындағы үшінші чемпионат

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Желі қолданушысы: Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?

100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі тамақтың бағасы көпшілікті таңғалдырды

Асханадағы тамақ бағасы 200 теңгеден басталады

Үшінші мемлекет аумағында жасырынып жүр: СІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы

Күдіктінің нақты қайда екені белгісіз
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр