"Жәбірленуші өзі бірінші пышақ алып шыққан": Қорғанамын деп байқаусызда адам өлтірді деп айыпталған қазақстандық 8 жылға сотталмақ
Апелляциялық сот салмағы өзінен 20 келі кіші жігітке пышақпен шабуылдаған павлодарлық тұрғынның өліміне қатысты тергеуді қайта бастады. Қайғылы оқиға өткен жылдың 11 тамызында павлодарлық "Гоголь" түнгі клубының жанында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ratel сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
"Гоголь" түнгі клубы алдында болған жанжалдан 24 жастағы Сергей Сухоносенко қайтыс болды. Ал 21 жастағы Жоламан Құсайын жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша айыпталды.
Сотталушы Жоламан Құсайынның әпкесі марқұм Сергейдің анасы өздерін кешіргенін айтты.
“Сот процесі аяқталды. Сергейдің анасы бізді толықтай кешірді. Оны өзі сотта айтты. Бізден матриалдық және моральдық шығын өтеп алды. Дегенмен бірқатар БАҚ біз туралы, марқұмның анасы кешірім бермеді, сотталушыға аз жыл берді, деп жазып жатыр. Қазір біз апелляциялық сотқа шағым білдірдік. Олар істі қайта қарап жатыр”, – дейді ол.
Сондай-ақ ол әділдік үшін соңына дейін күресетінін жеткізді.
“Жоламан өзін қорғағысы келді. Онымен жанжалдасып, төбелесуді мүлде ойлаған жоқ. Оның үстіне мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Болашақта сізге кімнің келіп тиісетінін, шабуыл жасайтынын сіз де білмейсіз. Оқыс жағдай болса заң сіздің жағыңызда болмайтынына көзім жетті. Сондықтан біз өзімізді қорғай алуымыз керек”, – дейді ол.
@_alnura__ Право на самозащиту - это право каждого человека! Я не могу молчать, когда свобода и справедливость заменяются страхом и безразличием.#свободужоламану #зажоламана #fyp ♬ Kara Sevda - Oybek
Бірінші сатыдағы сот Жоламанды 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот Сергейдің Жоламанға мас күйінде өзі шабуыл жасағанын ескерді.
"Сотталушы Ж.Қ. мен жәбірленуші Сухоносенко С.М.-ның арасындағы жанжалды жәбірленуші С.М.-ның өзі бастаған. Бұл жағдайда жәбірленуші тараптан заңсыз әрекет орын алған. Ол сотталушы Құсайын Ж.Қ.-ны өзі себепсіз соққыға жыққан", – делінген бірінші сатыдағы соттың үкімінде.
Бейнебақылау камералары барлық егжей-тегжейді түсіріп алған. Кадрлардан Сергей Сухоносенконы күзетшілердің түнгі клубтан қалай шығарып салғанын да (ол жерге мас күйінде келген ол өзін агрессивті ұстап, басқа келушілерді қорлаған) байқауға болады. Сосын Сергейдің өзі бір топ жігітке жақындап, пышағын алып, сол қолымен Жоламанның бетінен ұрып, оң қолымен пышақтамақ болған. Жоламанның басынан ұрмақ болып, соңынан қуған. Екеуі алысып, жерге құлаған. Жоламан Сергейді қолынан ұстап, ұрып-соққан. Кейін ол тұрып алысқа қашып кеткен. Дегенмен Сергей оны қуып жетіп, кенет ешбір соққысыз жерге құлап, жан тапсырған.
Судья істі Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) саралады. Жоламан Құсайын жерде жатқан Сухоносенконы әрі қарай ұрмауы керек еді.
Сотталушы марқұмды ұрып-соғу ниеті болмағанын айтты. Сондай-ақ ол өзінен салмағы үлкен Сергей Сухоносенконы айналасындағылардың біреуі ұстап қалады, деп күткенін жеткізді. Дегенмен бұл жанжалға ешкім араласпаған.
Прокурор жазаның өте төмен екенін айтты. Сотталушы өз кінәсін мойындамағандықтан, сегіз жыл берілуі керегін жеткізді.
Сотталушының адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, әлеуметтік желіде айыпталушыны қорқытып, балағаттап жатқандар көп.
"Кейбірі марқұмның анасы сотталушының отбасынан алты миллион теңге алмауы керек еді деп жатыр. Дегенмен мұның іске қатысы қанша. Айыпталушы өзін-өзі қорғағысы келді. Ол шектен шығып, артық әрекетке барған жоқ. Мен күйеуі тұншықтырып өлтірмек болған кезде өзін қорғаймын деп агрессорды пышақтаған әйелдің сотында болдым. Мұндай жағдайда Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Себебі өмірлік маңызы бар органға, яғни жүрек аймағына соққы жасалды. Негізі ол аяқтан немесе қолдан соққы беруі керек еді. Мұндай жағдайда агрессордың әйелін тұншықтырып өлтіруі мүмкін екені ескерілмейді. Көпшілік Сергей туралы, оның өлтіру ойы болмағанын айтып жатыр. Нәтижесінде, өзін-өзі қорғаудың не екенін эмоционалдық деңгейде және болжам мен жорамал түрінде емес, заңды түрде нақты түсіну мүмкін бе, деген сұрақ туындайды", – дейді адвокат.
Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтынша, егер айыпталушы қорғаныс жағдайында әрекет еткен болса Қылмыстық заңнама 106-баптың 3-бөлігі бойынша соттауға жол бермейді.
"Қорғанушы үшін Қылмыстық кодексте тағы бір бап бар. Бұл Қылмыстық кодекстің 112-бабының 2-бөлігі (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру). 106 және 112-баптардың екеуі де абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады. Жалғыз ерекшелік 112-бапта "қажетті қорғаныс шегінен тыс жасалған" деген сөздермен толықтырылған. Ал 106-бап денеге қасақана ауыр зиян келтіріп, шабуыл жасағандарға арналған. 112-бап өзін-өзі қорғау мақсатында қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіретіндерге арналған. Қажетті қорғаныс шегінен қасақана асып кетсе, тек қорғанушы ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айыпталушыны 112-баптың 2-бөлігі бойынша соттау үшін "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қажетті қорғаныс шегінен шығу" белгілері бір мезгілде болуы керек. Жоламанның әрекеті Сергейдің өліміне әкеп соқтырса да, олардың біреуінің болмауы 112-бап бойынша соттауды жоққа шығарады", – деді адвокат.
Қылмыстық Кодекстің 112-бабына түсініктемелерінде "Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру кез келген қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады" деп арнайы көрсетілген. Онда егер ауыр зиян келтіру ниеті болмаса, сотталушы қажетті қорғаныс шегінен асып кетсе де, демек 112-бап жоқ.
Қорғаушының айтуынша, бұл іске қатысты мұндай артықшылық болған жоқ.
"Айыпталушы марқұм Сергейдің қолын көп ұстай алмайтынын, оның бір сәтте пышақты қолдана салатынын сезді. Оның үстіне пышақты бір қозғалыс арқылы бірден ашуға болады. Сондықтан Жоламан Сергейді ұрып-соғуға мәжбүр болды. Сергей тиісуді тоқтатқан кезде Құсайын Ж.Қ. оны ұруды тоқтатты. Ал сосын Сергей қалтасынан пышағын суырып алып, Жоламанға тағы да шабуыл жасады. Ссоын ол абайсызда қолындағы пышағын түсіріп алды. Бейтаныс біреу пышақты лақтырып жіберді.
"Қажетті қорғаныс туралы заңнаманы қолдану туралы" Жоғарғы Соттың 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 нормативтік қаулысының 5-тармағына сәйкес:
"Қажетті қорғанысқа шабуыл жасаушының қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеттері зиян келтірген кезде ғана емес, сонымен бірге зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ оны келтірудің нақты қаупі туындаған кезде немесе шабуылдаушы заңсыз әрекеттерді жасауды әлі аяқтамаған кезде, сондай-ақ іс жүзінде қол сұғушылықтың мән-жайы анықталмай қалған жағдайда, қорғаныс әрекетіне жол беріледі қорғаушыға.
Облыстық сот енді Гоголь түнгі клубында не болғанын анықтауы керек.