"Ұнамаса келме": Димаш Құдайбергеннің әкесі елордаға тіл тигізген ресейлік блогерге жауап берді
Танымал мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев бас қаланы жамандаған ресейлік блогерге ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік блогер Илья Варламов Астана қаласының өте жайсыз екенін айтқан еді.
“Астана – нашар қала. Бұл қалада өмір сүру өте жайсыз. Урбанистика жағынан жағдайы мүшкіл. Серуендеуге де қолайсыз. Астананың көлеңкелі тұстары туралы көп жаздым. Маған ұнамайды. Астанаға тек шаруа бойынша ғана келемін", – деген еді ресейлік блогер.
Блогердің бұл сөзі Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тиіп, қазақ тілінде пікір жазды.
“Сенің пікірің керек еді бізге. Астана – өте көркем, әсем қала. Ұнамаса келме. "Асын ішіп, аяғына түкіру" дейді мұндайды", – деп жазды Қанат Айтбаев.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"