"Теңге – ең тартымды валюталардың бірі": Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға долларды жинақтау мен үнемдеудің құралы ретінде қарауды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк басшысы “елдегі ұлттық валютаны құлдырауы мен гиперинфляция дәуірі артта қалды” деп отыр. Доллардың да дәуірі өтті дейді ол.
“Біз Қазақстанда өмір сүреміз, теңгемен табыс табамыз және теңгемен тауарды сатып аламыз. Валюта тек шетелге шығу үшін қажет. Біз өз валютамызға қаншалықты сенсек, ол соншалықты мықты болады”, – деді Сүлейменов.
Өзі де ақшасын теңгемен жинайтынын жасырмады.
“Менде шетел валютасындағы аз ғана депозит бар, бірақ жинақтардың негізгі бөлігі – ұлттық валютада”, – деді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, экономикалық жағдай өзгергеніне қарамастан, көптеген адамдар әлі де валютаға сеніп жүр. Сөзінше, өзінің
“Менің таныстарым да 2022 жылы долларды 550 теңгеден сатып алып, әлі де ұстап отыр. Доллар туралы ойлауды тоқтату керек. Доллар – жинақ құралы емес”, – дейді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша теңге “жоғары табыстылығын” көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ Тимур Сүлейменов халықаралық рейтингтер бойынша теңгенің “ең тартымды валюталардың бірі” екенін, сол себепті инвестиция тартатынын айтты.
- Теңге нығаюда: Доллар бағамы бір күнде қаншаға төмендеді
- Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады
Сонымен қатар ол Қазақстанда долларға балама және доллардан да тиімді жинақтау құралдары бар екенін айтты. Оның сөзінше, долларды теңгемен, теңге арқылы ашуға болатын депозиттермен алмастыруға болады.
“Сонымен қатар KASE, Астана Халықаралық қаржы орталығы секілді толыққанды қаржы нарықтары жұмыс істейді. Квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – сенімді жинақтау құралы, жақсы табыс табуға болады және тәуекелі төмен”, – деді ол.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов теңгенің нығайып, доллардың не себепті құлдырап жатқанын түсіндірген еді.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты