AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк 200 миллион долларға жуық сомаға интервенция жүргізді

Ұлттық банк KASE-дегі бүгінгі сауда-саттықта 200 миллион долларға жуық сомаға интервенция жүргізді, осылайша сауда-саттықтың жалпы көлемі 210,7 миллион долларды құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 510 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 210,7 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық банктің валюта интервенциясы 198,9 миллион АҚШ долларын құрады, Ұлттық банктің қатысу үлесі 94,4%", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% деңгейінде сақтап қалды


Жаһандық қаржы нарығының құбылмалы болуына байланысты және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 9 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өтті.

Франкфурт аукционы бағаның негізсіз құбылуының алдын алуға бағытталған.

Айта кетсек, Қазақстан қор биржасында сауда-саттық қайта басталды. Бұл жолы доллар бағамы 510 теңгеге жетіп, жаңа антирекорд жаңартты. 

5 наурызда доллардың бағамы 500 теңгеден асты. Айырбастау пунктерінде бір доллар 505,5 теңгеге сатып алынса, сату бағасы 520 теңге болған.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр