Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлына өз тегін берген Айжұлдыз Адайбекова сынға қалды

Жанар Айжанова жиен немересі Назардың 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші әріптестерінің басын қосып, көпшіліктің алдында сәбидің тұсауын кестірді. 1 жыл бойы баланың жүзін жасырып келген әнші бұл күні көпшілікке Назарды таныстырды. 

"Әжесінің баласы, әжесінің данасы, әжесінің чемпионы, әжесінің ақпатшасы. Танысып қойыңыздар, сылдырмақ-Назар Адайбеков. Түкіріп қойсаңыздар да артық етпейді. Туған күнің құтты болсын балапаным.



Мені әжем арқалап өсірді, анам марқұм да барлық немерелерін арқасына салып жүрді. Мен де піссіміллә деп ақ қозымды арқама салдым. Айжұлдызымның жанына жалау бол, ғұмырлы, білімді-ілімді бол жарығым. Екеуіңе де бір Алла жар болсын, тек жақсылықтарыңды көруді нәсіп етсін Жаратқан ием. Иісіңнен, кескін-кейпіңнен айналдым, тәттім. Сені алғаш қолыма ұстағанда бақыттан басымның қалай айналғанын білсең ғой, шіркін. Әжесіне күнде бақыт сыйлап жүрген аппағым. Мың жаса, мұңсыз бол!" - деп жазба қалдырды Айжанова желідегі парақшасында. 

Көпшіліктің назары кішкентай Назардың тегіне ауды. Айжұлдыз Адайбекова сәбиді өз атына жаздырған. Мұны байқаған көпшілік әкесі тірі тұрғанда, мұндай әрекетке барған Айжұлдызды сынға алды. 

"Дұрыс емес, қандай болса әкесі тірі, әкесінің тегін алу керек. Тексіз деген осыдан шығады", "Қыран тірі ғой. Ұят емес пе?", "Әкенің аты әке ғой. Ертең тегін, 7 атасын сұрайды", "Жанар апай ақылды, оқыған, көрген адам. Неге текке келгенде осалдық танытып отыр?" - деп жазды желі қолданушылары. 

Ал әкесі Қыран Талапбек ұлын Instagram арқылы құттықтады. 

"Туған күніңмен, ұлым. Әкеңнен мықты бол, мен саған көп дүние көрсетемін", - деді ол. 

Айта кетейік, танымал мобилограф, кәсіпкер Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова тұңғыштары дүниеге келмей тұрып ажырасып кеткен еді.


 

Талқылау