Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оны ешқашан тастамаймын, тіпті ол үйленіп кетсе де": Айжан Байзақова ұлының әкесі жайлы айтты

Айжан Байзақова өзінің өмір салтын қуана-қуана көрсетіп, қалай көңіл көтеретінін желіде жиі көрсетеді. Блогер сүйіктісін қандай жағдай болмасын тастап кетпейтінін айтады. Себебі, "ұлымның әкесі - менің ең жақын досым" деген ұстанымда.

"Барлығы мөлшерде болуы керек. Ессіздікке дейін сүюдің қажеті жоқ. Толықтай беріліп дос болудың керегі жоқ. Есіңізді жоғалтқанша ішімдік ішудің, өлімге апарардай жек көрудің керегі жоқ. Барлығы мөлшерде болуы керек. Мұны біле отырып, сіз өзіңізді ғана емес, басқаларды да құтқара аласыз. Сіз келісесіз бе?", - деді Байзақова Instagram парақшасында.

Алайда актрисаның жанкүйерлері көптен бері шешуге тырысқан құпия бар. Олар Байзақованың баласы Аланның әкесінің кім екенін білгісі келеді. Ал Айжан бұл құпияны ашып айтқан жоқ. 

Осыған қарамастан, Байзақова ұлының әкесін ешқашан тастамайтынын айтты. Тіпті ол үйленіп кетсе де. 

Жазылушылардың бірі Айжан өз сүйіктісімен ажырасып кетті деп ойлағанын жазды.

"Мен ешқашан өз адамымды тастамаймын, тіпті мен тұрмысқа шығып кетсем де, ол үйленсе де. Себебі, ол менің ең жақын досым, баламның әкесі", - деді ол.

"Ұлыңыздың әкесімен бірге тұрмайсы ба?", "Ұлыңыздың әкесі кім?", "Өзі біледі ғой, өзі білсе болды да кім екенін", "Елге бәрі қызық", "Баланың әкесі келіп тұра ма?", "Бала мен әкені ажыратуға болмайды", "Бірге болуларыңызды тілеймін", - деп жазды желідегі оқырманы. 

Талқылау