Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым тұрмысқа шық деді": Сиви Махмуди күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Танымал әнші Сиви Махмуди “Менің өмірім” бағдарламасында 10 жыл отасқан күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/sivi_makhmudi

“Біздің қарым-қатынасымыз басынан дұрыс басталған жоқ. Ата-ананың разылығынсыз бәрібір болмайды екен. Шаңырақ көтеруімізге ата-анам қарсы болды. Олар күйеуім туралы сұрастырған, мен жиырмадан асқан шағымда тұрмысқа шығып кеттім. Қанша жыл дос боп жүрдік, 10 жыл бірге өмір сүрдік, тағдырым кинодағыдай болса да еш өкінбеймін”, – дейді әнші. 

Сивидің айтуынша, шаңырағының шайқалуына бұрынғы күйеуінің достары мен ортасы әсер еткен.

“Біздің қазақтың жігіттері намысшыл келеді. Достарының сөзіне көп ереді. Ортасында маған қарсы қойған адамдар болса керек. Үш бала үшін шыдадым. Жолдасымның да жақсы қасиеттері бар, жамандай алмаймын. Менің де ренжіп, жылаған сәттерім болды. Мен күйеуім маған көңіл бөлсе екен деп ойлайтынмын. Сол кезде ол өзінің көшенің адам екенін мойындайтын. “Мені байлап ұстай алмайсың, көшенің баласымын. Әкесіз өстім, достарымның арқасында күн көріп жүрмін. Сенетін ағам, әкем жоқ” дегенде түсінетінмін. Бірақ шыдамның да шегі бар”, – дейді Сиви Махмуди.

“Енеңізбен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?” деген сауалға әнші: “Енеммен қарым-қатынасым жақсы болатын. Ол кісіге де ұлына бір ауыз айтып, түсіндірсінші деп жылап та, күліп те айтатынмын. Бірақ ол кісі мені елемей, керісінше, өзіме ұрысып тастайтын. Мен барынша отбасы болуға тырыстым. Бірақ күйеуім көшені таңдады”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ Сиви “күйеуі тастап кетті” деген қаңқу сөзге жауап берді.

“Жоқ, тастап кеткен жоқ. Мен екеуімізге ортақ, сол кезде тұрып жатқан үйімізді сататын болып шештік. “Енді қайда тұрамыз?” деген сұрақ туған кезде мен жолдасыма екі бөлек тұрайық деп ұсыныс тастадым. “Сен анаңның үйіне бар, мен үш баланы алып бөлек пәтерде тұрамыз. Қанша уақытқа созалатынын білмеймін, бірақ менің ойланып, демалғым келеді” дедім. Сол кездің өзінде күйеуіммен ажырасып кетемін деген ой болған жоқ. Сөйтіп бөлек тұра бастадық. Бастапқыда мені райымнан қайтармақ болып келіп тұрды. Арада 2-3 ай өткен соң мен ажырасайық деп айттым. Себебі, мен сабырымның таусылғанын, күйеуімсіз ұйқымның да, көңілімнің де тыныш екенін түсіндім. Оны таңға дейін күтпеймін, уайымдамаймын. Сөйтіп ажырасып кеттік. Бірақ бұл туралы еш жерде айтпадым. Тек араға бір жыл салып, күйеуімді көшеде көріп қалып жүргенде халық дұрыс түсінсін деп ажырасқанымды айттым. Бұған дейін де өзара жанжал, түсініспеушіліктер болды. Бірақ мен ол қылықтарын кешіріп жүрдім. Күйеуім бұл жолы да солай болады деп ойласа керек. Сөйтіп ол менің одан бір жола кеткенімді ажырасқанымды көпшілікке айтқан кезде ғана түсінді”, – дейді әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, бұрынғы күйеуі де, енесі де балаларды іздеп келмейді екен. 

“Болған жағдайдан кейін маған 3-4 рет жазды. Оның өзінде балаларын көргісі келгеннен емес, мені сағынғаннан екен. Мен сол нәрсе қинайды. Балаларым да әкесін сағынады деп айта алмаймын. Балалардың туған күнінде хабарласып, сыйлық жіберу дегенді білмейді. Соңғы рет баламның туған күнінде бәріміз құттықтадық, бірақ ұлымның көңіл күйі болмады. “Әкем бір ауыз құттықтаса болады ғой” деді. Өздерінен әкесі туралы сұрағанда, “жоқ, сағынбаймыз” деп жауап береді. Үлкен ұлым есейді, мектептегі сыныптастарының әкесі бар. Содан ұлым: “Көп жүре бермеңіз. Маған тұрмысқа шығыңыз” деді. Ажырасқаннан кейін тұрмысқа шығатын ойым болмады. Бірақ осы ұлым туған күнінде көзіне жас алып айтқан кезде мен ойланып қалдым. Бұйырса, жақсы адам кездессе тұрмысқа шығуға дайынмын. Болашақ күйеуім отбасының құндылығын түісінетін адам болса екен деймін”, – дейді Сивиетта ақтарыла.

Талқылау