Ұлықпан Жолдасовтың ұлы екінші рет шаңырақ көтерді
“Алтынай” деп шырқаған әнші Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Алтынай есімді аруды жар етті. Жұлдызды әулеттің қызы Фарида Жолдасова әлеуметтік желіде тойдағы суреттерін жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/farida_zholdasova
Қыз ұзату да, үйлену тойы да Астанада өтті.
Өнер иесінің қуанышында отандық эстрада жұлдыздары да қонақ болып, ақ тілектерін арнады.
“Лұқпан Жолдасов пен Айған ханымның ұлдарының үйлену тойынан үзінді. Не деген әдемі жұп! Лұқпан аға “Алтынай” деп бекер ән салып жүрмеген екен ғой. Шаңырқтарына Алтынай есімді келін түсті! Құтты келін болсын”, – деген Маржан Арапбаева тойда өнер көрсетіп, жылы лебізін білдірді.
KYN.KZ сайтының жазуынша, жұлдызды әулетке келін болып түскен Алтынай да өнерде кенде емес. Ол қобыз бен скрипкада ойнайтын кәсіби музыкант.
Болат Жолдасов 2014 жылы Дана есімді арумен шаңырақ көтеріп, ажырасқан болатын.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер