ҰҚК Қаңтар оқиғасында ұрланған кезекті қару-жарақтарды тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қыркүйекте полиция және прокуратурамен бірлесіп қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейд Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілген.
Іздеу шаралары барысында 62 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген. ҰҚК дерегінше, оның ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 қару-жарақ анықталған.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті