Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика вице-министрі ісі бойынша тағы екі лауазымды азамат ұсталды

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупамен қоса, тағы да қос лауазымды азамат тұтқынға алынды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры басқармасының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы мен “ENERCO” ЖШС директоры Ерлан Нәбиев ұсталды.

Энергетика вице-министрі ісі бойынша тағы екі лауазымды азамат ұсталды

Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура сот санкциясын негізге ала отырып, энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры” басқармасының бұрынғы төраға міндетін атқарушы Қайсар Байдалы мен “ENERCO” ЖШС директоры Ерлан Нәбиевті тұтқындады.

Аты аталған азаматтар бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда. Бұл қаржы Қарағанды облысы, Сарань қаласына жылуды есептеу құрылғыларын сатып алу мен орнату үшін “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорына” бөлінген.

Қор “ENERCO” ЖШС-ына 215 миллион теңгеден аса қаражатты заңсыз аударған.
Жымқырылған ақша жалған мекемелер арқылы алынып, қылмысқа қатысы бар адамдардың арасында бөлінген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау