ҰБТ-дан 140 балл жинаған тағы бір алматылық оқушыға пәтер берілді

Фото: kaz.inform.kz
Алматылық Айша Сатыпалды Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) 140 балл жинады. Осындай жоғары жетістігі үшін білім ордасы оған пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"140 балл жинағаныма әлі күнге дейін сене алмай жүрмін. Шын айтсам, ондай нәтиже күткен де жоқпын. Негізгі мақсатым – 130 балдан асу еді. Дегенмен дайындыққа екі жылымды арнадым: 10-сыныпта ағылшын тіліне, 11-сыныпта тарих пәніне басымдық бердім. Ұйқысыз түндер мен күйзеліс болды, бірақ тест тапсыру жеңіл өтті”, – деді Айша.
Айша Сатыпалды 125 International High School оқушысы, "Екі шет тілі" мамандығы бойынша білім алып, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болуды армандайды. Сондай-ақ шетелде магистратура оқуға ниетті.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алған еді.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан