Енді WhatsApp қолданушылары фото мен видеоларды түпнұсқа сапада жібере алады
WhatsApp мессенджерінде енді фотосуреттер мен бейнелерді түпнұсқа сапада жіберу мүмкіндігі қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WABetaInfo порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pexels-тен
Мамандар iOS құрылғыларына арналған WhatsApp 23.24.73 нұсқасынан жаңа мүмкіндік пайда болғанын жеткізді. Енді мессенджер пайдаланушылары материалдардың сапасын жоғалтпай жібере алады. Мұны істеу үшін чатқа кіріп, "Бөлісу" түймесін басу керек. Кейін "Құжатты" таңдап, содан кейін "Фотосуретті немесе бейнені таңдау" тармағын басу қажет.
Жаңа мүмкіндік iOS құрылғыларының иелеріне алдағы апталарда қолжетімді болады. Ал Android пайдаланатындар үшін бұл функцияның қашан жұмыс істейтіні әлі белгісіз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы