WhatsApp жаңа функция ұсынды
WhatsApp мессенджерінде топтық аудио және видео қоңыраулар 30 шілдеден бастап қол жетімді болды. Бұл хабаршыны пайдаланушылар енді бір мезетте бірнеше адамды қоңырауға қоса алады.
Бұл туралы компанияның корпоративтік блогында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Топтық қоңырауда бір мезетте төрт адам сөйлесе алады. Мұны жасау үшін алдымен керекті адамға қоңырау шалып, одан кейін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы батырманы басып, сөйлесуге басқа пайдаланушыларды қосу керек.
Жаңа функцияны iOS және Android бағдарламасында соңғы жаңартудан өткен барлық телефондарда қолдануға болады. Сондай-ақ, топтық қоңыраулар қарапайым хабарламалар секілді шифрленеді.
Америкалықтар құрастырған хабаршының сарапшылары WhatsApp пайдаланушыларының күніне екі миллиардтан астам минут сөйлесетінін есептеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”