Волейболшыларымыз Филиппиндегі турнирдің алтын жүлдесіне таласады
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы
Challenge Cup бәсекесіне алғаш рет қатысып жатқан Қазақстан құрамасы жарыстың алтын жүлдесі үшін ойнайды. Команда капитаны Сара Анарқұлова бастаған қыздар жартылай финалда жарыс қожайыны Филиппин командасымен сынға түсіп, үш партияда 25-23, 25-21, 25-14 есебімен жеңді. Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері финалда Challenge Cup турнирінің қазіргі чемпионы Вьетнам құрамасына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, топтық бәсекеде Қазақстан құрамасы Вьетнам қыздарына 1:3 есебімен есе жіберген еді. Қыздарымыздың финалда есе қайтаруға мүмкіндігі бар.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

