Бірге билеп, қосыла ән шырқаған: Ақтауда Джеки Чан, Miyagi және Нұрлан Сабуров бір кеште бас қосты

Ақтауда өтіп жатқан фильм түсірілімі кезінде әлемге әйгілі актер Джеки Чан бейресми кештердің біріне қатысып, Miyagi-дің әндерін қосыла шырқады. Кештен тараған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрлардан Джеки Чанның ресейлік рэпер Miyagi-дің әндерін тыңдап, бірге ән айтқанын, орындаушымен құшақтасып, естелік суретке түскенін көруге болады. Сондай-ақ кеш қонақтарының арасында әзілкеш Нұрлан Сабуров та болған.
“Джеки Чан Miyagi-дің әндеріне билеп жатыр”, – делінген жазбада.
Бейнежазба қысқа уақыт ішінде көп қаралым жинап, желі қолданушыларын таңғалдырды.
ОқыңызКөпшілік Джеки Чанның Miyagi әндерін білетініне және оларға ықыласпен қосыла шырқағанына ерекше назар аударған.
“Miyagi ән айтып, жанында Джеки Чан билеп жүрген осындай сәтке қалай тап болуға болады?” – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Пікір білдірушілер бұл кездесуді “екі аңыздың бас қосуы” деп бағалады.
“Қазақстанға қош келдіңіз!”, “Мынау нағыз шағын концерт болды”, “Күтпеген жерден керемет кеш өтіпті”, – деп жазды оқырмандар.
Кейбір қолданушылар бұл сәтті көптен күткен концертке теңесе, енді бірі бейнежазбаны көргенде ерекше әсер алғанын жеткізді.
Қазір Джеки Чан Қазақстанда жүр. Ол елімізде түсіріліп жатқан “Құдайдың сауыты: Ультиматум” фильмінің жаңа бөлімінде бой көрсетеді. Туындының негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде Ақтау қаласы таңдалған.
Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Джеки Чан Алматыға келіп, қазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырған еді. Кейін “Құдайдың сауыты” фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілетіні белгілі болды.
Биыл мамырда актер бұл жобаның Қазақстандағы алғашқы, бірақ соңғы жұмысы емес екенін айтқан. Ал маусымда Маңғыстау облысында халықаралық киножобаның түсірілімі басталды.
Фильмдегі экшн көріністерін қоюға Джеки Чанның өзі атсалысады.
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды