Қазақстанға келген соң Zeekr 9X көлігі 30 сағатқа бұғатталып қалған: Компания даулы жағдайдан соң құлыптау жүйесін өзгертті

Қазақстанда Zeekr 9X иесінің көлігі шекарадан өткеннен кейін қашықтан бұғатталып, ол 30 сағат бойы көлігін толық пайдалана алмаған. Осы жағдайдан кейін компания көлікті қашықтан құлыптау жүйесін өзгертіп, иелеріне оны өшіру және пароль арқылы ашу мүмкіндігін бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CarNewsChina порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания бұл жүйені көліктерді ұрлықтан және заңсыз шетелге шығарудан қорғау үшін енгізген. Алайда бұл жағдай электромобиль иелері арасында үлкен талқылау туғызып, қашықтан басқару жүйесінің жұмысына қатысты сұрақтар пайда болды.
Осы оқиғадан кейін Zeekr компаниясы көліктің қауіпсіздік жүйесін өзгертті. Енді арнайы қосымшада пароль жасауға арналған функция пайда болады. Ол қорғаныс жүйесі іске қосылған жағдайда көлік иесіне арнайы код арқылы автокөліктің есігін ашуға мүмкіндік береді. Дегенмен халықаралық сапар кезінде интернет байланысы болмаған жағдайда бұл функцияның қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.
Сонымен қатар компания автокөлік бағдарламасын интернет арқылы жаңарту жүйесін (OTA — Over-the-Air) енгізетінін хабарлады. Бұл жаңарту орнатылғаннан кейін көлік иелері қосымша арқылы шекарадан өткен кезде іске қосылатын қашықтан бұғаттау функциясын өздері өшіре алады. Компанияның айтуынша, жаңа жаңартудан кейін бұл функция әдепкі бойынша қосылмайды.
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
Оқыңыз