Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖИТС (СПИД) - 21 ғасыр дерті: ЖИТС дегеніміз не?

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпаратттық агенттігі бүгінгі күннің мәселесіне айналған ЖИТС (СПИД) туралы сіз білмеген деректер ұсынады.

ВИЧ/СПИД туралы ең қызықты 10 мәлімет

СПИД туралы тек 30 жыл бұрын ғана біле бастағанымызға сену қиын. Осы уақыт ішінде жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы белгісіз аурудан жаһандық дағдарысқа дейін жетті және 30 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. Медицина мен ғылымның дамуына қарамастан, СПИД жыл сайын Ресейде шамамен 75 мың адамды ажал құштырады. Әлемнің басқа бөліктерінде, атап айтқанда Қара Африкада жағдай әлдеқайда нашар. Кейбір елдерде СПИД жұқтыру деңгейі халықтың 15% -нан астамын құрайды. Төменде осы жаһандық індет туралы ең қызықты деректер ұсынамыз.

1. СПИД қайдан келді?

АИТВ-ның екі түрі бар: Оның біріншісі бастапқыда шимпанзелерде пайда болған АИТВ-1. Ал екіншісі африкалық маймылдардан шыққан АИТВ-2. Осы түрлердің арасында тағы бірнеше кіші түрлер бар. Қазіргі уақытта өлімге әкеп соқтыратын ең қауіпті түрі АИТВ-1 болып табылады. АИТВ-1-дің адамдарға қашан жұққанын ешқашан біле алмауымыз мүмкін. Көп ғалымдардың пікірінше, адамдар бұл індетті 1931 жылы, тіпті одан бұрын жұқтырған. Ал сол уақытта кейбір тайпа шимпанзелерді жеп, тамақтанғандықтан, осы қауіпті аурудың пайда болуы шимпанзелермен байластырылады.

Вирустар дәстүрлі мағынада тірі емес және олар жиі организмдер өзін қалай ұстап, дамыды деген көрінісімізді жоққа шығарады. Адамдар жұқтырған АИТВ-ның ең ерте түрі әлсіз болған, тіпті кейде иммундық жүйе оларды тоқта алған деп саналады. Бірақ уақыт өте келе вирус қатты күшейіп, мутацияланып, қайтадан тұтастанды. 80-ші жылдардың басында ауруды бірінші рет анықтаған кезде, ол іс жүзінде өлімге әкелетін індет болды.

2. Бұл инфекция адамдарға қашан жұға бастады.

СПИД жұқтырған алғашқы адам Конго демократиялық республикасының астанасы Киншаста тіркелді. Оны 1959 жылы сақталған тін үлгісінен анықтады. Содан бұл ауру Атлант мұхиты арқылы келесі онжылдыққа дейін жетті. Ал СПИД-пен алғаш болып Миссури штатынан шыққан Роберт Рейфорд есімді жасөспірім ауырды. Қауіпті індетке шалдыққан жасөспірім 1969 жылы СПИД-тен қайтыс болады. Дәрігерлер Рейфорд «шақырту бойынша жыныстық қызмет көрсететін» бала болған деп есептейді. Ал 1977 жылы Европада алғаш болып Арвид Ное есімді норвегиялық теңізші СПИД-тен ажал құшты.

СПИД екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болған деген де белгілер бар. Ол кезде иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға ғана әсер ететін ауру балалардың өмірін жалмай бастады. Осындай ұқсас індет түрін жұқтыру науқас СПИД-пен ауырған дегенді білдіреді. Ал Голландия зерттеушісі бұл індет Балтықтың порт қаласы Данцигтан басталып, Еуропаның бүкіл аумағына таралған деп санайды.

Ауру шприцті қайта пайдалану салдарынан таралған деп есептелінеді, себебі сол кезде көпшілігі бір рет қолданылған инені бірнеше рет пайдалуды әдет қылған. Бір қызығы, ол кезде балалардың тек үштен бірі ғана аурудан қайтыс болды. Яғни, сол уақытта олар жұқтырған вирус бүгінгі күндегі өлімге әкеп соғатын ауру түріне айналып үлгермеген.

3. Нөлдік науқас.

Франция-Канада рейсінің Гетан Дугас есімді жолсерігі Америкада СПИД жұқтырған алғашқы науқас деп саналды. Бірақ, бұл даулы мәлімдеме. Себебі, Дагас АИТВ жұқтырған және Солтүстік Америкада СПИД-пен ауырған алғашқы адам емес. Өйткені, Америкада бұл індетті алғаш болып Миссури штатының жасөспірімі жұқтырған болатын. Алайда, Дугастың ауруын елемеу салдары аурудың кеңінен таралуына әбден серпін берген болуы мүмкін.

СПИД-тің АҚШ-та пайда болғанын анықтайтын көптеген ерте жағдайлар Дугаспен байланысты болды. Жолсерік ретінде жұмыс істегендіктен, ол үлкен қалаларға көп барды. Және оның гейлердің моншасына бару әдеті жүздеген еркекпен байланысқа түсуге әкеп соқты. Ал, өз кезегінде ол серіктестер тағы бірнеше еркектің көңілін көтерген. Бұл 1980 жылдарда аурудың экспоненциалдық өсуіне әкелді. Гетан Дугас болса 1984 жылы инфекциядан туындаған бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

4. Бүркеу

ВИЧ / СПИД иммундық жүйені айналып өтіп, содан кейін оны жойып жіберетіндіктен басқа ауруларға қарағанда әлдеқайда қауіпті. Вирус адамның жүйесіне енгенде қант көмірсуының молекулаларында жасырынып тұрады. Ол иммундық жүйенің бетін орап, адамның денесін вирусты шын мәнінде қоректік зат деп санауға мәжбүрлейді. Алайда, зерттеулер біздің АИТВ-ке қарсы бейімделуді қолдануымыз мүмкін екенін көрсетеді. Себебі, ол қолданатын көмірсу молекулалары адам денесінен табылған заттардан біршама ерекшеленеді. Олардың жақсы болғаны сонша, адам денесіне вирусты анықтауға көмектесетін және иммундық жүйені шабуыл жасауға мәжбүрлейтін вакцинаны синтездеуге болады.

5. СПИД-ке шалдыққан жұлдыздар

Көптеген танымал адамдар СПИД салдарынан қайтыс болды. Оның ішінде теннис жұлдызы Артур Ашеден басталып, Куин тобының әнші Фредди Меркьюримен аяқталатын танымалдар. Айта кету керек, осы адамдардың көпшілігі, соның ішінде көптеген қарапайым адамдар ауруды қауіпті әрекеттен емес, қарапайым қан құйдырудың нәтижесінде жұқтырған.

Танымал фантаст жазушы Айзек Азимовтың да тағдыры осылай болды. Оған ұштастыру кезінде СПИД-пен ауырған адамның қаны құйылып, жазушы соның салдарынан қайтыс болады. Бұл індетті атақты Мэджик Джонсон да жұқтырған. Ол 20 жыл бойы АИТВ-мен бірге өмір сүріп келе жатқанына қарамастан, үнемі спорттық бағдарламалардан көрініп, сау адам секілді өмір сүруде. Бірақ, көптеген адамдар оның байлығы оған тәжірибелі дәрі-дәрмектермен емделуге мүмкіндік береді деп санайды.

6. Қасақана жұқтыру

Биологиялық соғыс ежелгі дәуірден бері белгілі. Басқыншылар басқа әдістерді айтпағанда, тіпті қабырғаның атыс ойығы арқылы вирус жұқтырған адамдардың мәйіті мен көрпелерді лақтырып, ауру таратқан. Мүмкін, бізге ВИЧ / СПИД-тің кейде қару ретінде қолданылатындығына таңғалудың қажеті жоқ шығар. Кезінде Оңтүстік Африканың түрмелерінде тұтқындарды СПИД-инфекциясын жұқтырған адамдарға зорлатып, жазалаған.

Тіпті, «баяу тесу» деп атаған қорқынышты процесс барысында жәбірленушінің инфекция жұқтырғанына көз жеткізу үшін оның денесін тілген.

Осындай сипаттағы басқа да жағдайлар дамыған елдерде де болып жатты. Мысалы, Нью-Йорктен шыққан Нушон Уильямстың оқиғасын алайық. Ол кемінде 14 әйелге СПИД жұқтырған және соның салдарынан оның екі баласы СПИД-пен туылды. Бірақ, Нушонның әрекетінің құрбаны болғандардың саны әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. 2010 жылы Уильямс бостандыққа шығуы тиіс болған, бірақ ол қоғамға қауіп төндіргендіктен, мемлекет оны қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта оны өмір бойы қамауда ұстау туралы сот тыңдаулары жүріп жатыр.

7. Гемо Гоблин

Әрбір супер қаһарман аудиториядан жауап ала алмайды. Әр қаһарманға бір зұлымнан келеді. Алайда, Гемо Гоблинді ұсынған шығармашылық ұжымның нені басшылыққа алғанын түсіну өте қиын. Гемо Гоблин 1988 жылы жарық көрген DC Comics компаниясының «Новые стражники» комикстерінің кейіпкерінің бірі болды. Ол аз ұлтқа ауру жұқтыру үшін бір топ жақтаушыларды пайдаланған ВИЧ індетін жұқтырған вампир. Комикс бойынша, ол Экстрано есімді гей суперқаһарманға ВИЧ инфекциясын жұқтырып, содан кейін өзі СПИД-тен өледі.

8. Иммунитет

Дегенмен, ешкім ВИЧ / СПИД-тен қорғалмағанымен, кейбір адамдар вирусқа қатты қарсылық көрсетеді. Ғалымдар кемінде екі түрлі бейімделуді тапты. Біреуі инфекцияға бірден толығымен тойтарыс берсе, екіншісі СПИД-тің дамуына жол бермей, АИТВ кезінде бетін қайыру. Екінші генетикалық мутация негізінен скандинавия халықтарына тән. CCR5 delta 32 деп аталатын мутация вирустың ағзаның жасушаларына кіруіне жол бермейді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл мутация Еуропада көптеген  адамдардың өлімге әкеп соғатын індетке шалдығуына байланысты болуы мүмкін.

Көптеген адамдар АИТВ жұқтырған болса және түрлі дәрілер қабылдамаса, уақыт өте келе сол ауру салдарынан өледі. Дегенмен, иммундық жүйесі бұл ауруға тойтарыс беріп, жоя алатын адамдар тобы болады. Бұл «АИТВ реттегіштерінің» қанында вирусты жоя алатын аздаған басқа белоктар да бар.

9. Джеффри Бауэрстің оқиғасы.

1984 жылы жас адвокат Джеффри Бауэрс әлемдегі ірі фирмалардың бірі «Бейкер & Маккензиге» жұмысқа орналасты. Көп ұзамай одан СПИД-тің симптомдары пайда бола бастады, оның ішінде Капоши саркомасы. Осыдан кейін басшылардың оң пікір білдіргеніне қарамастан, Джеффриді жұмыстан шығарып жібереді. Бірақ, компания жұмыстан босату рәсімін тиісінше өткізбейді. Сонда Джеффри Нью-Йорктің Адам құқықтары жөніндегі басқармасына көмек сұрап барады. Сөйтіп, оның сот ісі тарихта СПИД-ке шалдыққандарды кемсіту ретінде қаралған алғашқы істердің бірі болады. Сот талқылауы 1987 жылғы 14 шілдеде басталды. Өкінішке орай, Бауэрс сол сәттен кейін 2 ай ғана өмір сүрді.

Бірақ, оның қайтыс болғанына қарамастан бұл іс алты жылға созылды. Нәтижесінде компанияға 500,000 доллар айыппұл салынды, сондай-ақ фирма Бауэрс жұмыстан шығарылмағанда табуы мүмкін жалақы мөлшерін төлеуге тиіс болды. Ақыры іс аяқталғаннан кейін компания Бауэрстің отбасына өтемақы төледі.

10. Ем іздеу

Соңғы уақытта жаңалықтарда СПИД-ке ем табылатыны жайлы оқиғалар, керемет жағдайлар мен жаңа зерттеулер туралы айтылып жүр. Бұл ретте Тимоти Браунның оқиғасы көп науқасты жігерлендіреді. Браун он жылдан бері АИТВ-мен өмір сүруде. Оған аққан диагнозы қойылған кезде дәрігерлер оның жілік майын ауыстырып, СПИД-ке қарсы белсенді мутацияға ие донордың жілік майын салды. Қазіргі кезде Браун АИТВ-тен айықты. Әлі күнге дейін денеде болуы мүмкін аурудың қалдықтары енді оның жасушаларына вирус жұқтыра алмайды. Бірақ өкінішке орай, жілік майын алу процесі өте қауіпті. Яғни, 40% өлім қаупі бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау