Венгриялық сатушы Неймарды сотқа беріп, алимент төлеуін талап етіп отыр
Габриэлла Гаспар есімді әйел 9 жастағы қызының әкесі бразилиялық футболшы Неймар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Terra басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Габриэлла Гаспар сатушы болып жұмыс істейді. Ол 31 жастағы футболшыдан ДНК тапсырып, алимент төлеуді талап етіп отыр. Әйелдің айтуынша, ол Неймармен Боливияда танысқан. Екеуі көңіл қосқан соң қыз жүкті болып қалған.
Сондай-ақ Габриэлла 9 жастағы қызының туу туралы куәлігінде әкесінің аты жазылуын және футболшының 30 мың еуро көлемінде алимент төлеуін талап етіп отыр.
Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында бразилиялық модель Бруна Бианкарди Неймармен айырылысқанын мәлімдеген. Одан бір ай бұрын ерлі-зайыпты қызды болған еді.
2023 жылдың жазынан бастап Неймар Сауд Арабиясының "Аль-Хилал" клубында ойнайды. Бес матчтан кейін ол тізе жарақатын алып, ұзақ уақыт ойынға қатыспады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан