Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4000-нан асты

Венесуэлада жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны артты. Ақпаратты елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Венесуэлада екі бірдей жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 4118 адамға жетті. Жарақат алғандар саны — 16 740 адам. Шамамен 18 мың тұрғын баспанасыз қалды.
Родригестің айтуынша, ел аумағында 89 уақытша лагерь құрылған.
24 маусымда кешке Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан Каракас қаласы мен Ла-Гуайра штатында ғимараттар қирады. 50 мыңнан аса адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауынша, жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны шамамен 10 мың адамға жетуі мүмкін. Бұл — Венесуэлада соңғы 100 жылдан аса уақыт ішінде тіркелген ең қуатты жер сілкінісі.
Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада 1 шілдеден бастап жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді