Велоспорттан қазақстандық Евгений Федоров Азия чемпионы атанды
Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Федоров Тайландтың Пхитсанулок қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тас жолдағы велоспорттан жекелей сайыста алтынға талас қазақстандық қос спортшы арасында өрбіді. Нәтижесінде Евгений Федоров чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір отандасымыз Дмитрий Груздев иеленді. Ал тайваньдық Чун Кай Фэнь бұл бәсекеде қола медальды еншіледі.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы командалық сайыс бәсекесінде де алтын жүлдені алған еді. Ол жарыста ел намысын Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова, Анжела Соловьева қорғаған.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”

