Вакцинадан кейін аяқ-қолы құрысып қалған: Алматыдағы перзентхана қызметкерінің жағдайы белгілі болды
Алматыда вакцина алғаннан кейін аяқ қолы тартылып, құрысып қалған перзентхана қызметкерінің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, жағдайды әлі де тексеріп жатыр.
"Бұл мәселенің жауабын тексеру жұмысы аяқталғаннан кейін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таныстырады.
Бүгінде ол кісінің жағдайы тұрақты", - деді ол.
Еске салайық, әлеуметтік желіде вакцина алғаннан кейін аяқ қолы тартылып, құрысып қалған қыздың видеосы тарады.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оқиғаның шынымен болғанын растады. Оның сөзінше, видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды