Вакцина салдырғаннан кейін бала көтеруге бола ма: Мамандар жауап берді
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Табынбаев Нариман Болтайұлы вакцина салдырғаннан кейін жүктілік жоспаралауға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Табынбаевтың айтуынша, жүктіліктің алдында вакцина салдырса, ананың бойындағы антиденелер балаға да беріледі және бұл ешқандай қауіп тудырмайды. Алайда, жүктілік кезінде вакцина салдыру қауіпті.
"Жүкті әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. Ал вакцина салдырғаннан кейін жүкті болса, ана мен балаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Өйткені ананың бойындағы антиденелер балаға беріледі. Вакцина салдырғаннан кейін қанша уақыттан кейін жүктілікті жоспарлауға болатыны туралы ешқандай дерек жоқ. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, бала көтеруге болады", - дейді Табынбаев.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған