AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

"Вакцина алған соң денесі құрысқан": Атырауда шетелдік азамат дәрігерлерді әбігерге салды

Атыраудағы "Дина" базарындағы бекетте вакцина алу кезінде шетелдік азамат дәрігерлерге дөрекілік танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Өзбекстан Республикасының 1998 жылы туған азаматы биылғы 16 маусымда "Спутник V" вакцинасының I компонентін ектірген.

Содан кейін жігітте жанама әсерлер мен асқынулар тіркелмеген.

Азамат 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 15:00-де вакцинаның ІІ компонентін салдырған. Алайда вакцинаны алғанға дейін кезекте тұрған шетелдік азамат медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытқан. Вакцинаның жанама әсері туралы арандату мақсатында бейнежазба түсіремін деп қорқытқан. Демалыс бөлмесінде 30 минуттай уақыт болып, үйге жіберілген.

Белгілі болғандай, кеше, 14 шілдеде жергілікті уақытпен 18:30-да "Дина" базарынан жедел жәрдем қызметіне қоңырау түскен.

Онда диспетчерге вакцинациядан кейін бір адам ауырып, құрысу белгілері байқалғаны хабарланған.

"Жедел жәрдем үш сағат бұрын вакцина алған және дәрігерлерге дөрекілік танытқан Өзбекстан азаматына шақырылғаны белгілі болды. Шетелдік жігіт облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Ол 30 минуттан кейін үйіне жіберілді. Себебі оның жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуға нақты дәйек болған жоқ. Осыған байланысты тұрғындардан арандатушылыққа ден қоймай, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", – делінген хабарламада.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр