"Үйреншікті болып кетті": Айнұр Нұрсейітованың ата-анасы қызының үш рет ажырасқанына қатысты пікір білдірді
Төрт рет тұрмысқа шыққан Айнұр Нұрсейіттің ата-анасы қызының бірнеше рет ажырасқанына қатысты пікір білдірді. Әкесінің айтуынша, қызының бірінші рет ажырасуы анасы екеуіне ауыр тиген. Алайда кейін "үйреншікті болып кеткен", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ата-анасы берген сұхбаттың үзіндісі Instagram пабликтерде тарады. Онда Айнұрдың әкесі:
"Бірінші ажырасқанда анасы екеуміз қатты қиналып қалдық. Ал енді екінші, үшінші ажырасқанда бізге үйреншікті нәрсе болып кетті", - дейді.
"Бірінші ажырасудың өзі қиын болды. Ұзаққа созылып кетті", - деді Айнұрдың өзі.
Айтуынша, үш рет ажырасқандықтан, ел көбінесе Айнұрдың өзін кінәлайды. Алайда блогер бойында қандай да бір кінәрат бар деп ойламайды. Тек "сенгіштігінен" үш рет жаңылысқан.
Айта кетейік, Айнұр Нұрсейіт биыл сәуір айында төртінші рет тұрмысқа шықты. Бірер күн бұрын блогер үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған