Алматыда үш баланың анасын зорламақ болды: Полиция оқиғаға түсінік берді
Полиция Алматыда үш баланың анасын аяусыз ұрып-соғып, зорламақ болған іске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы факті бойынша Түрксіб аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабы "Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында тергеудің объективтілік, жан-жақты және толықтығы қағидаттарын сақтай отырып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Не молчи KZ" қоғамдық қорының өкілдері үш баланың анасын ұрып-соғу және зорлау әрекеті туралы хабарлаған еді. Жалақысы үшін құрылыс орнына келген әйелге жұмысшылардың біреуі қысым көрсетіп, ұрып-соқты. Әйел өзінің туыстарына қоңырау шалып үлгергендіктен, полиция оқиға орнына жедел жетіп үлгерді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды