"Үш айлық қызын теуіп, жансақтау бөліміне түсірді": Шымкентте ер адам әйелімен жанжалдасып оған күш көрсеткен
Шымкентте тұрғын әйелі мен үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққан. Ол сәбиді теуіп, жансақтау бөліміне түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы желілерде заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек хбарлады. Айтуынша ол зардап шеккен әйелді ауруханаға жатқызуға көмектескен.
Адвокаттың айтуынша, жанжал кезінде 53 жастағы ер адам жұбайын ұрып-соғып, оны пышақпен қорқытқан. Кейін үш айлық қызын тепкен. Сәби ауруханаға жансақтау бөліміне түскен. Деректерге сүйенсек оның миына қан кеткен.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ведомство.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды