"Әлемдегі ең жемқор полиция": Алматыда телефонын ұрлатып алған үндістандық турист полицияның әрекетіне шағымданды

Үндістандық турист Алматыда ұрылардың құрбаны болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үндістандық азамат Instagram парақшасында Алматы полициясының әрекетіне шағымданып, видео жариялады.
Оқиға 2025 жылдың тамыз айында болған. Ер адамның айтуынша, телефонын әлдекімдер тартып алған, ол қылмыскерлердің бірін ұстауға көмектессе де, полиция екі ай бойы смартфонын қайтармай отырған көрінеді.
Алматы қалалық полиция департаменті желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
“Үндістан азаматының арызы бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Қазір ұрлық фактісін толық, жан-жақты тергеуге бағытталған кешенді тергеу және сонымен қатар ұрланған мобильді телефонның иесін анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде” – делінген полиция хабарламасында.
Қазақстандық зорланған соң дүниеге әкелген, кейін америкалықтар асырап алған қызын іздеп жүр
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"