Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық кәсіпкер Алматы облысында тұратын зейнеткерді 10 миллион теңге беріп, өлтіртпек болған

51 жастағы Үндістандық кәсіпкер Алматы облысында тұратын кейуананы тапсырыспен улап өлтірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шетелдік кәсіпкер Алматы тұрғынына зейнеткерді өлтіру үшін 10 миллион теңге берген. Қылмыскер мұндай әрекетке 2011 жылы пәтерді сатып алу-сату мәмілесі үшін барған. 

Зейнеткерді өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталып, қамауға алынды. 

“Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.



Бұған дейін әлеуметтік желіде “ESS CEE Pharma” ЖШС басшысының зейнеткерді тапсырыспен өлтірмек болғаны туралы ақпарат тарады. Алын ала болжам бойынша, тапсырысты орындаушы адам қарт әйелді улап өлтірмек болған. Полция қызметкерлері екі қап ұнтақ тәрізді зат тәркіледі. 

Еске салайық, Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылған еді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 26 Қыркүйек, 2024 15:17