Үндістанда COVID-19 пандемиясы аясында сирек кездесетін ауру өршіп жатыр
Үндістанда жаңа аурумен ауырғандар саны артып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа аурудың қоздырғыштары - шырышты саңырауқұлақтар.
Мукормикоз ауруы COVID-19 жұқтырған науқастарда және одан айыққан адамдарда жиі кездеседі.
Дәрігерлердің пікірінше, аурудың өсуіне коронавирустың ауыр түрлерін емдеуде стероидтерді қолдану себеп болуы мүмкін.
Мукоромикоз немесе оны "қара зең" деп те атайды – сирек кездесетін ауру. Оның негізгі белгілері - мұрын мен таңдайдағы некротикалық зақымданулар, олар ауырсыну мен безгекті тудырады.
Науқастар ісіну мен көз ауруына шағымданады.
Үнді дәрігерлері көбінесе адамдар COVID-19-тен айыққаннан кейін шамамен 12-15 күн өткен соң ауыратынын айтады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар