Ұлы Отан соғысының ардагеріне берілуі тиіс орденді 72 жылдан соң табыстады
Бүгінде 92-ге келген Гамик Закиев есімді өзбек ақсақалдың үйінде ойламаған жерден той басталды десе де болғандай.

Өзбекстан Қорғаныс министрі Баходыр Ташматов пен Ресей елшілігінің әскери атташесі Сергей Чернышевтың қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагеріне «Қызыл жұлдыз» ордені табысталды.
Бір қызығы, бұл орден 211-атқыштар дивизиясының командирі, кіші лейтенант Гамик Закиевке 1944 жылдың 7 қарашасында Чехословакияны азат ету жорығында көрсеткен ерлігі үшін берілген екен. Алайда, іле-шала жалғасып кеткен ұрыстар себебінен орден өз иесіне табысталмай қалып кеткен көрінеді. Дегенмен, араға 72 жыл салып, кешігіп жеткен «Қызыл жұлдызын» кеудесіне қондыру қарияға бұйырған екен.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда қымбат дәрілерді алғызуға тырысқан дәрігерлер жауапқа тартылатын болады
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті