Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

Жезқазғанда президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының "Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір" тақырыбындағы көшпелі президиум отырысы өтті.
Жиында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары талқыланып, минералдық шикізатты кешенді өңдеу, геологиялық барлау мен металлургияны цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару және агроөнеркәсіп саласын ғылыми сүйемелдеу мәселелеріне басымдық берілді.
Отырыс барысында ғылым жетістіктерін өндіріс пен экономиканың нақты секторына енгізу тетіктері қарастырылып, қытайлық ғылыми ұйымдармен технологиялар трансферті, жасанды интеллектті пайдалану және заманауи геологиялық зерттеу әдістерін енгізу бағыттары талқыланды.
Іс-шара қорытындысында Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуын жеделдетуге арналған қарар мен бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.
Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы "Kazakhmys Barlau" геологиялық кластері базасында президент жанындағы ұлттық ғылым академиясының өңірлік форсайт-орталығы ашылды.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген