Ұлттық валютаның курсы 340 теңгеге жетті
Бүгін KASE таңғы сессиясында долларға шаққандағы ұлттық валюта курсы 340,01 теңгеге жетті. 15 қыркүйекте таңғы саудада бір доллар 338,66 теңге болған еді.

Өткен аптаның соңында бір доллар 333,6 теңге болды. Ал 18 қыркүйекте бір доллар 339,50 теңгеге сатылды. Бұл минималды баға. Ал максималды баға 339,89 теңгеге жетті. Жалпы жасалған сауда көлемі 49,250 миллион долларды құраған.
Қазіргі кезде валюта айырбастау бекеттерінде доллар құны 339-341 долларға жетіпті. Ал Астана уақыты бойынша 11.10-да Brent маркалы мұнай құны барреліне 55,70 доллар болды.
Оқи отырыңыз:
Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен
Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады
Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?
Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды