Украинаның Қазақстандағы елшісі атышулы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, "өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Ресми мәлімет бойынша қазір Украина елшісі еңбек демалысында.
Еске салсақ, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында "орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады" деген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған