Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Украинада да бәрі осыдан басталған": Қазақстандық дүкендерде "әдепті адамдар" ойыншықтары сатылып жатыр

Аралас жекпе-жек бойынша қазақстандық маман, ММА, джиу-джитсу және каратэ бойынша бес дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов Қазақстан дүкендерінде "әдепті адамдар" (вежливые люди) ойыншықтары сатылып жатқанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адепти адамдар

"Әдепті адамдар" Қазақстанға да келді. Бұл, өкінішке орай, 1 сәуірдегі әзіл емес. Бұл достарымыздың Астанадағы "Балалар әлемі" желісінен көріп, суретке түсіріп алған ойыншықтары. Сондай-ақ ойыншықтарды әртүрлі желілерде байқаған. Бұл тіпті НЛП емес (психотерапияға әсер ететін насихат), көршіміздің ерекше құндылықтарын күш салып насихаттауының көрінісі. Украинадағы жағдай да "әдепті адамдардан" басталған", - деп жазады Махметов Facebook парақшасында.



Махметов "құзырлы органдар бұған назар аударып, іс бейнежазбадағы кешірім сұраумен ғана шектелмейді" деген үмітін білдірген.

"Соңғы күндері біздің Қазақстанда өте алаңдатарлық арандатушылықтар болып жатыр. Және өте өрескел. Олардың қолына басқа нәрсе келмейтін де секілді", - дейді спортшы.

Айта кетейік, "Әдепті адамдар" деп 2014 жылы Қырымды аннексиялау процесіне қатысқан ресейлік әскер өкілдерін атаған. Қазақстан Қырымның Украинадан бөлінгенін ресми түрде мойындамаған.

Талқылау