Украина сөзсіз НАТО-ға мүшелікке лайық – Түркия президенті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент Владимир Зеленскиймен келіссөздерден кейін Украинаның НАТО-ға мүше болуға лайық екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия басшысы Зеленскиймен бірлескен брифинг барысында Украинаны қолдайтынын айтты.
"Украина, сөзсіз, НАТО-ға мүшелікке лайық. Осы тұста бір нәрсені қайталап айтқым келеді. Әділдік орнаған әлемнен ешкім ұтылмайды", - деді
Сондай-ақ Ердоған Түркия Украинаның "аяққа тұруына" көмектесетінін айтты.
"Украинадағы осы нарықтың көшбасшысы болып табылатын құрылыс компанияларымыз украиндық достарымызға елді қалпына келтіруге көмектеседі", - деді Түркия президенті.
Ердоған мен Зеленский арасындағы келіссөз жұма, 7 шілдеде Ыстамбұлда өтті. Ел басшылары Украинадағы жағдайды, сондай-ақ мерзімі 17 шілдеде аяқталатын астық келісімін ұзарту мәселесін талқылады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды