Украина елшісін Қазақстаннан шығару туралы талап қойылған жоқ – cыртқы істер министрлігі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі Украина елшісі Петр Врублевскийді елден шығару туралы талап қойды ма сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петр Врублевский Фото: РИА Новости
"Украина елшісі Петр Врублевский қазір еңбек демалысында жүр. Қазақстан билігі оны елден шығару туралы талап қойған жоқ. Оның алдағы уақытта қызметін жалғастыру мәселесіне қатысты кеңес жүргізілуі мүмкін", - деді Айбек Смадияров брифингте.
Еске салсақ, Еске салсақ, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында "орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады" деген еді. Дипломаттың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырған.
23 тамызда Қазақстан халықтар Ассамблеясы Украинаның Қазақстандағы елшісінің мәлімдемесін айыптады.
5 қыркүйекте Украинаның Қазақстандағы елшісі өз сөзі үшін кешірім сұраған болатын.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген