Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Айдос Садыққа қастандық жасады деп күдікке ілінгендерді Қазақстаннан экстрадициялауды сұрамақ

Украинаның бас прокуратурасы Киевте Айдос Садыққа қастандық жасады деген екі күдіктінің бірін Қазақстаннан экстрадициялауды сұрамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды. 

Украинаның бас прокуратурасы құжаттар дайындап жатқанын мәлімдеді.

"Бас прокуратура аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі адамды Украинаға экстрадициялау үшін Қазақстанның құзырлы органдарына жүгінбек. Ол үшін құжаттар топтамасын дайындап жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеуді Киев қалалық прокуратурасының процессуалдық басшылығымен ұлттық полицияның тергеу-жедел бөлімшелері жүргізеді.

Еске салсақ, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Кейін екі күдікті анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға пікір білдіріп, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы бұл оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберіп, нақты тапсырма бергенін жеткізді. 

Айдос Садықтың әйелі де күдіктіні Киевке экстрадициялауды сұрады.

Талқылау