Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты бейнелейтін ойынның трейлерін таныстырды (видео)

Украиналық компания 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты бейнелейтін компьютерлік ойынның трейлерін жариялады. Оның сипаттамасы Steam қызметінде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Peremogi.livejournal басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

"Stellarium gaming" компаниясының хабарлауынша, 2D кеңістігіндегі оқиғалар Харьков облысындағы "өлі" ауылда өрбиді. Ойынның басты кейіпкері – кішкентай Лена. "Аштық жолы" деп аталатын ойынның мәні: қызға туыстарын табуға көмектесу. 

"Бұл аштық, үмітсіздік, қайғы мен үміт туралы. 1932-33 жылдардағы Украинадағы аштық шындығы кішкентай Елена және оның серігінің көзімен. Бұл жақындарынан айырылып, нағыз өмірді іздеген екі жетім жанның оқиғасы. Ойыншы кішкентай Елена мен досына туыстарын табуға көмектесу керек. Ойын компьютерлер мен ұялы телефондарда 2024 жылы қолжетімді болады", - деді ойын әзірлеушісі Stellarium ойын компаниясының өкілі.

Айта кетейік, қазақ халқы да 1932-1933 жылдары ұлы аштықты бастан кешірді. Тарихшылардың мәліметінше, Қазақстанда аштықтан 6,2 миллион халықтың 2,1 миллионы қырылған. Ал Украинада құрбан болғандар саны 7 миллион. 

Талқылау