УЕФА Конференция лигасы: Астана соңғы минуттарда гол жіберіп, жеңістен айырылды
"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы кезекті матчын өткізіп, соңғы минутта жеңістен айырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі
Елордалық "Астана" командасы УЕФА Конференция лигасы аясында төртінші ойынын өткізіп, қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Өз алаңында португалиялық "Витория" командасымен кездесіп, тең тарқасты. Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Бранимир Калаица 40-минутта гол салса, 89-минутта "Витория" ойыншысы Хесус Рамирес мергендік танытып, есепті теңестірді. Осылайша "Астана" клубы қолда тұрған жеңістен соңғы минуттарда айырылып қалды.
Айта кетейік, енді "Астана" командасы 12 желтоқсанда Алматыда "Челсиді" (Англия) қабылдайды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ