Тұрсынбек Қабатовтың Аймағамбетов жайлы қалжыңына білім министрлігі жауап берді
Білім және ғылым министрлігі қазақстандық шоумен Тұрсынбек Қабатовтың министр Асхат Аймағамбетовтің неге бірінші болып вакцина салдырғаны туралы айтқан әзіліне жауап қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше ай бұрын Тұрсынбек Қабатов өзінің концерттерінің бірінде неліктен қазақстандық шенеуніктердің ішінде QazVac коронавирусына қарсы вакцинаны алғаш болып білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің салғызғаны туралы әзілмен айтып берген еді.
"Меніңше, тамыз айына дейін президент барлығын үкіметте жинап: "Біз осындай вакцинаны ойлап таптық. Халықтан емес, өзіміздің арамыздан бастайық" деген. Депутаттар: "Жоқ, жақында бізде сайлау, үгіт-насихат бар, бұған уақыт жоқ" десе, әкімдер: "Бізде жылыту маусымы бар, қыс келе жатыр. Оданда министрлер салғызсын" деген. Ал ауыл шаруашылығы министрі: "Жақында егін жинаймыз, өзіміздің проблемаларымыз көп" деген. Олардың ішіндегі ең жасы Аймағамбетов қана. Барлығы Аймағамбетовке қарап: "Балалар қазір онлайн оқиды, студенттер үйде. Жүр сенен бастайық. Сен де онлайн жұмыс жасай тұрасың", – деп әзілдеді Қабатов.
@kola_i_brat Как решали ,с кого начать вакцинацию 🤣🤣🤣#вакцинаоткоронавируса #спутникви #казахстан #каронавирус
♬ оригинальный звук - КаЗаХсТаН🇰🇿
Жақында шоуменнің бұл айтқаны TikTok әлеуметтік желісінде танымал бола бастады. Видео 185 мыңнан астам қаралым мен 7 мың лайк жинады.
Аймағамбетовтің баспасөз хатшысы оның неге бірінші болып вакцина салғызғанына түсініктеме берді.
"Tik Tok желісінде министрлер кабинетінен Асхат Аймағамбетовтің неліктен алғаш болып вакцина салдырғаны жайлы қалжың аралас сауалдың видеосы тарай бастады. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасының өндірісін ғана емес, қолданысқа енуін де қолдауды талап еткен. Вакцинаны Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасады. Министр басынан вакцинаның жасалуына жетекшілік етті. Сондықтан клиникалық зерттеулерден бұрын әзірлеуші-ғалымдар вакцина салдыру жайлы шешім жасаған, ол отандық вакцинаны алуға бел байлады. Осылайша өз әріптестеріне қолдау көрсетіп, денсаулығын да қорғады", – деді баспасөз-хатшысы.
Білім және ғылым министрлігіндегілер Асхат Аймағамбетовтің бір жыл бұрын вакцина алғанын және ешқандай жанама әсері болмағанын айтты. Сонымен қатар министрдің ағзасында антиденелер мөлшерінің жоғары екенін де қосты.
"Айтпақшы, наурызда министр дәл сол вакцинаның екінші дозасын салдырды. Өзін бірқалыпты сезінеді, жанама әсер жоқ. Білім және ғылым министрі қазақстандықтарды өздерін күтуге және COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға шақырады. Ол өз әрекеті арқылы отандық ғылым мен ғалымдарға сенетінін көрсетті", – деді Мөлдір Әбдуалиева.
Асхат Аймағамбетов COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны алғаш болып 2020 жылдың тамызында салдырған еді.