Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі исламданумен тікелей байланысты – Азат Перуашев
Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев қазақстандық әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзімділік танытуының себептерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мына нәрсені айта кеткен жөн. Ер адам ұрып-соқса, 15 күнге қамауға алып кетеді. Алайда әйелінің өзі оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, босатуды сұрайды", –деді Азат Перуашев.
Оның пікірінше, қазіргі ұрпақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде дұрыс ойланбайды.
"Бұл жерде әңгіме дәстүрлі және отбасылық құндылықтар туралы емес. 20-30 жыл бұрынғы ұрпақтың қарым-қатынасқа деген көзқарасы озық болды. Қазіргі тұрмыстық зорлық-зомбылық себептері бізге жат нәрселерді таңып жатқан исламданумен тығыз байланысты. Зайырлы өмір салты мен заңдарға бағынбай, керісінше имамға жүгінеді. Бұл дұрыс емес. Зайырлы мемлекет болғымыз келсе, заңға бағынуымыз керек", – деді депутат.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"