Тұншыға бастаған: Алматыда үш бала мен бір келіншек 22-қабаттағы лифта қалып қалды
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісінің басқару пультіне лифтте тұрып қалған адамдар туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоңырау шалған әйел "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде лифтің 22 қабатында тұрып қалғанын айтты. Келіншек жанында тағы үш адамның бар екенін айтқан.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, әйел мен балалар ауа жетпегендіктен тұншыға бастаған.
"Қоңырауды жедел кезекші көмекші Минтаева Гүлдана басқарды. Жеделсатыға қызмет көрсететін қызметкер қысқа мерзімде келді. 10 минуттан кейін жабық кеңістіктегі адамдар құтқарылды", - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар тұрғын үй кешенінің КСК басшылығының қызметін сынға алды. Олар лифтің бұзылып тұрғанын және ескерту берілгенін айтқан.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен