Тұмсығына мұз қатқан елікті құтқарып қалғандардың видеосы желіде тарады (видео)
Тұмсығына мұз қатқан елікті құтқарып қалғандырдың видеосы желіде тез тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елікті құтқару сәті Instagram-дағы қарағандылық пабликтердің бірінде пайда болды. Видео авторлары кадрлар 25 ақпанда Денисов тас жолында түсірілгенін айтқан. Олар жол бойында тұрған әбден шаршаған елікті байқаған. Тұмсығына мұз боп қатып қалған қарды жануар көтере алмаған.
"Біз елікті ұстап, оның тұмсығын тазарттық. Оның қиналғаны рас, бірақ біз бәрін мұқият жасадық. Содан кейін жануарды еркіне жібердік", - дейді ролик авторларының бірі Нұржан Мақаев.
Шамамен жарты шақырымнан өткеннен кейін олар тағы бір елікті байқап қалған екен. Бірақ оған көмектесе алмаған, жануар сынған аяғына қарамастан қашып кеткен.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі